«Референдум немесе күштеп басып алу»: ШҚО-ны Қазақстаннан бөліп алуға үгіттегендерге үкім шықты
Өскемен қалалық №2 сотының шешімімен Шығыс Қазақстан облысының екі тұрғыны ұлттық және әлеуметтік араздықты қоздыратын жазбалар мен үгіт-насихаттары үшін сотталды, деп хабарлады Elorda.info Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасына сілтеме жасап.
Олар 2024 жылдың ақпан айында интернет-ресурстарды (чат-рулетка) пайдаланып, Шығыс Қазақстан облысын Қазақстан Республикасынан бөлу мақсатында референдум өткізу қажет деген ойларын айтқан. Сондай-ақ, референдумда оң нәтижеге қол жеткізілмеген жағдайда облысты күштеп басып алуды насихаттаған. Айыпталушылар өз кінәларын толық мойындап, өкініш білдірді.
-->

«Мемлекеттік айыптаушы олардың әрқайсысын 5 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Заңды күшіне енген сот үкімімен жоғарыда аталған тұлғалар 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Мемлекеттің қауіпсіздігі мен тұтастығын қамтамасыз ету мәселелері құқық қорғау және арнайы органдардың ерекше бақылауында», - деп көрсетті Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы.