Әртүрлі

Референдум-2024: Астанада сайлау учаскелері жұмысын бастады

Астанада сайлау учаскелері жұмысын бастады. Учаскелердің бәрінде елорда тұрғындарының белсенділігі байқалады, деп хабарлады Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Астанада таңертеңгі сағат 07.00-ден бастап 460 учаске жұмыс істейді, оның 352-сі – ашық, 34-і – жабық, 74-і дипломатиялық өкілдіктер мен елшіліктерге бөлінген.

Естеріңізге сала кетейік, Астана тұрғындары өздерінің учаскелерін 4 тәсілмен онлайн біле алады:

- Ресми веб-қызмет: referendum.astana.kz

- Telegram-да чат-бот арқылы: referendum_astana_bot

- іKomek бірыңғай байланыс орталығы арқылы, 109 нөмірі бойынша;


- «Smart Astana» мобильді қосымшасында «New» бөлімінде – «Референдум учаскесін іздеу». Қолданбаны App Store немесе Google Play арқылы жүктеп алуға болады.