Әрбір азаматтың дауысы маңызды – Аманжол Елемесов
Tör Altai Nuclear Consulting консалтингтік компаниясының басқарушы серіктесі Аманжол Елемесов бүгінгі атом электр станциясын салу жөніндегі референдум туралы ойын білдіре отырып, азаматтардың бұл жобаға қатысуының маңызы жөнінде атап өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Бүгін референдум өтіп, Қазақстан азаматтары атом электр станциясын салу мәселесіне қатысты өз пікірлерін білдіру мүмкіндігіне ие болып отыр. Әр дауыс және әрбір қазақстандық азаматтың бұл шараға қатысқаны маңызды. Себебі бұл ел тарихындағы елеулі оқиғалардың бірі», - дейді Аманжол Елемесов.
Шынар Хамитова