Әртүрлі

Құрбан айт мейрамы: Халыққа қызмет көрсету орталықтары қалай жұмыс істейді

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Құрбан айт мейрамына орай Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қалай жұмыс істейтінін мәлім етті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Құрметті қызмет алушылар! Құрбан айт мерекесіне орай 6 маусым күні ХҚКО-лар мен МХҚКО-лар жұмыс істемейтінін хабарлаймыз.

7 маусым, сенбі күні азаматтарды тек кезекші орталықтар қабылдайды.

9 маусымнан бастап барлық орталық әдеттегі жұмыс кестесіне сай қызмет көрсетеді», - делінген хабарламада.

Кезекші орталықтар тізімін осы жерден қарауға болады.

Айта кетейік, 6 маусым – Құрбан айт мейрамының алғашқы күні. Бұл күні қазақстандықтар демалады.