Әртүрлі

Рауан Кенжехан: Мемлекеттік тілді дамыту үшін қазақша сөйлейтін ортаны қолдау керек

Мемлекет басшысы «Болашағын отанымызбен байланыстыратын әрбір азамат қазақ тілін үйренуге ден қоюға тиіс. Бұл отаншылдықтың басты белгісі деуге болады», - деген болатын. Жалпы тәуелсіздік алған күннен бері елдегі Мемлекеттік тілдің өрісін кеңейту мен дамыту уақыт талабынан түскен емес. Бүгінгі күнде қазақ тілін өз тұғырына көтеру үшін нақты қандай шаралар атқарылып жатыр? Алдағы уақытта нені жолға қоюымыз керек?  Осы және өзге де сауалдарға Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті Рауан Кенжехан жауап берді. 

–Сіз басқарып отырған «Қазақ тілі» қоғамы елдегі Мемлекттік тілді дамыту мақсатында нақты қандай бағытпен жұмыс атқарып жатыр?  

–Бүгінгі таңда Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының еліміздің түкпір-түкпірінде 135 өкілдігі бар. Осы қызметке келгеніме жарты жылдан асты. Сол уақыт ішінде аймақтарды аралап, ұйым мүшелерімен кездестік. Қоғамдық ұйым болғандықтан әр адамның пікірі маңызды. Кездесулер негізінде алдағы жұмыс жоспары мен ұсыныстар дайындалды. Сонымен қоса, жұмыс жоспарының негізгі бағыттарын анықтадық. Алғашқысы – қазақ тіліндегі мазмұнды арттыру. Бұл бағытта балалардың қазақша сөйлеуіне қажет құралдардан бастап әр адамның тұлға және маман ретінде қалыптасуына қажетті шаралар кешенін әзірледік. Келесі бағыт – қазақ тілін оқытудағы білім беру жүйесіне қолдау көрсету. Бұл бойынша қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін оқыту әдістемесі мен құралдарын жетілдіріп, пән мұғалімдеріне методикалық тұрғыда көмек көрсету қажет. Үшінші бағыт – технологиялар мен қазіргі IT саласындағы жетістіктерді тілді дамыту үшін және қазақ тілінде сөйлейтін ортаны қолдау үшін тиімді қолдану. Осы үш бағыт бойынша қызу жұмыс басталып кетті.

–2023 жылдың қазан айында Президенттің қабылдауында болдыңыз. Кездесу барысында қандай маңызды тақырыптар айтылды? Мемлекет басшысы қандай тапсырмалар жүктеді?

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен мемлекеттік тілді нығайту ісіндегі өзекті мәселелерді қозғадық. Бірінші кезекте, мемлекет басшысы тілдің дамуына көмектесетін жобаларды жүзеге асыруды міндеттеді. «Қазақ тілі» қоғамының негізінде тілдің дамуына қажетті жобаларды іске асыру туралы тапсырма алдық. Соның ішінде балалардың тілін қазақша шығаруға қажетті мазмұнды көбейтсек деп отырмыз. Кездесу барысында білім беру ісіндегі, медиа саласындағы қазақща контент пен цифрлық өнімдерді әзірлеуге айрықша мән беру керектігі айтылды. Бұдан кейінгі мәселе – күнделікті көп қолданатын технологиялық құралдар, IT арқылы қазақ тілін дамыту. Біздің алдымызға ақпараттық жүйелерді, IT саласының жетістіктерін медиа өндірісі бағытымен біріктіру міндеттері тұр. Өйткені қазір қазақ тіліндегі ақпараттың таралуы балалар тілінің ана тілінде шығуынан бастап, ары қарай кез келген адамның жеке тұлға ретінде дамуы – ғылым, білім, әдебиет, танымдық ақпарат, кино, музыка, технологиямен етене байланысты. Бұл жұмысты іске асыруға дайынбыз, себебі біздің бұл салада ұзақ жылдар бойы жинаған тәжірибеміз бар. Wikipedia ғаламдық платформасын қазақшалау, Google жүйесіне қазақ тілін қосу, Ted-лекциялар платформасын қазақ тіліне аудару секілді бірқатар жобаларды іске асырдық. Одан бөлек, Kitap деп аталатын Қазақстандағы ең ірі онлайн кітапхана жүйесін жасап шықтық. Сондықтан бұл жұмыстар өз жалғасын табады. Ал анимация бағытында дүниежүзіндегі ең танымал студиялардың ең жақсы деген анимациялық фильмдерін қазақ тілінде  кеңінен тарату және қолжетімді ету міндеті тұр. Ол үшін арнайы қосымша дайындау, оны кез келген құрылғыдан қарап көруге мүмкіндік беру жағын ойластырып жатырмыз.

–Президент өз атынан QAZAQ TILI Endowment қорына 7 млн теңге жарна аударды. Бұл қаражат қайда жұмсалады?

–Мемлекет басшысына өткен жылдың  қазан айындағы кездесуімізде эндаумент қор ашу туралы ұсыныс білдірген едік. Бұл идеямыз қолдау тапты. Қорға Қасым-Жомарт Кемелұлы алғашқы болып жарна – 7 миллион теңге қаражат аударды. Бұл Президенттің мемлекеттік қызметте жүрген азаматтарға, жалпы қоғамға көрсеткен үлкен үлгісі. Қазір бірқатар белді азаматтар, танымал кәсіпкерлер, жеке компаниялар Президент бастамасын қолдап, өз үлестерін қосып жатыр. Мұнда жиналған қаржы ешқайда жұмсалмайды. Тәуекелі мейлінше төмен, тіпті кепілдігі бар құралдарға инвестицияланады. Эндаумент қорының инвестициялық қызметінен түскен табысы бенефициар ұйымның жарғылық міндеттерін орындауға жұмсалмақ. Яғни түскен табыс халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының жұмысын қамтамасыз ету және мемлекеттік тілді дамыту, модернизациялау мен оны қолдану аясын кеңейтуге бағытталған жобаларға грант негізінде беріліп отырады. Атап айтқанда, мемлекеттік тілдегі медиа және баспа контентін көбейту үшін нақты жобалар мен шаралар кешенін жүзеге асыру, тілді оқыту мен үйрету әдістемесін жетілдіру, оқу сауаттылығы мен жазу мәдениетін дамыту, қазақ тілін қолдау мен тілді қолданатын қауымдастық аясын кеңейту секілді міндеттер жүзеге асырылады. 

– QAZAQ TILI Endowment Qory құрудағы мақсат қандай?

Мақсат – «Қазақ тілі»  қоғамы ешкімге тәуелді болмай, ана тілімізді дамыту бағытында атқарылатын іс-шараларын еркін жүзеге асыра алатындай жағдай жасау.  Жиналған қаражатты беделді қоғам қайраткерлері, ғалым-лингвистер мен мемлекет өкілдерінен құралған тәуелсіз қамқоршылар кеңесі бақылап, қадағалайтын болады. 

–Бұл қордың ерекшелігі неде?

–Әлем елдерінде білім беру мен әлеуметтік бағытта жұмыс істейтін қоғамдық ұйымдардың тұрақты әрі ұзақмерзімді қызметін қамтамасыз ету үшін эндаумент қорын құру тәжірибесі кең таралған. Қазір Жапониядағы ғылым мен технология қоры, Стэнфорд, Гарвард университеттерінің қорлары дүние жүзіндегі ең ірі эндаумент қорларының қатарына кіреді. Қазақстанда да ірі университеттер, мектептер мен коммерциялық емес ұйымдардың эндаумент қорлары сәтті жұмыс істеп келеді. Бұл қордың басты міндеті – мемлекеттік тілді қолдау және дамытумен айналысатын еліміздегі ең ірі ұйым – «Қазақ тілі» қоғамының тұрақты әрі ұзақмерзімді дамуын қамтамасыз ету. Қордың ерекшелігі туралы айтатын болсақ, мұнда жиналға қаржы жұмсалмайды. Қаржы басқаруға беріледі және инвестицияланады. Одан түскен табыс «Қазақ тілі» қоғамының жарғылық міндеттеріне жұмсалады. Президентпен кездесуде жекелеген жобаларды мемлекет пен демеушілер арқылы қолдау жолдары да талқыланды. 

–Қор жұмысына қаражат тарту мәселесі туралы айтып берсеңіз.

–Қазір қор жұмысына қажет қаражат тарту жұмыстары белсенді түрде жүріп жатыр.  Кімнің қандай жұмысқа қанша қаражат бөлгенін ашық көрсетіп, жария түрде айтатын боламыз. Сондай-ақ қаражатты игеру, жұмыс істеу барысы ашық көрсетіледі. Жыл сайын қоғам алдында есеп беру жүргізілмек. Және халықаралық аудит тетіктері енгізіліп жатыр. «Қазақ тілі» қоғамы Қазақстандағы ең ірі қоғамдық ұйымдардың бірі ретінде әлемде қалыптасқан тәжірибе арқылы жұмысын тиімді етуге, өрісін кеңейтуге талпыныс жасап отыр. Бізді қолдайтын ортаның ықылас-ынтасын, үлкен жобаларды жүзеге асыруға көмектесуге ниетін көріп қуанып қалдық, - деді ол.

Елімізде алғаш рет  60 мың сөз қамтылған қазақша-ағылшынша және ағылшынша-қазақша оксфорд сөздігі жарыққа шықты. Президентпен кездесу кезінде Oxford Qazaq Dictionary сөздігін таныстырдыңыз. Сөздікті аударуға қанша адам атсалысты?

–Бұл – соңғы төрт жылда жасаған үлкен еңбегіміз. Мұнда  60 мың сөз бен  500 мың сөз тіркесі қамтылған. Ол дүниежүзінде сөздік шығаруда ең беделді саналатын Oxford университетінің баспасының сөздік құрастыру технологиясы негізінде жасалды. Oxford Qazaq Dictionary сөздігін дайындауға елуден аса лингвист маман қатысты. Бұл сөздіктің Алматы, Астана және Оксфорд қалаларында таныстырылымы өтті. 10 мың дана таралыммен баспадан шыққан сөздік жоғары оқу орындарына таратылды. Сондай-ақ  кітап дүкендерінде сатылымға шықты. Тағы бір айта кетерлігі, Oxford университетінің Oxford Global Languages деп аталатын үлкен бастамасына да қосылып жатырмыз. Яғни, дүниежүзіндегі ең ірі деген 100 тілдің лексикалық қорын өзара байланыстыру арқылы ғаламдық лингвистикалық корпус дайындалып жатыр. Сол үлкен жобаның ішіне қазақ тілі де енді. Бұл жасанды интеллекттің де қазақ тілін жетік, жақсы меңгеруіне көмектеседі. Бізге тілдің әдістемелік инфрақұрылымын күшейтетін сөздіктер, анықтамалықтар, лингвистикалық құралдарды өзге тілдердегі тәжірибемен тығыз байланыстыру керек.

–Уақыт өткен сайын адамдардың тіл үйрену дағдысы трансформацияға ұшырайды.  Тіл оқыту әдістемесін заманға сай лайықтап жасауға кімдер атсалыса алады?

–Тіл оқыту әдістемесін дамыту процесі тоқтамауы тиіс. Себебі заман өзгереді, технологиялар жетіледі, соған сай адамдардың тіл оқу дағдысы да трансформацияға ұшырап жатыр. Сондықтан бізге тілді оқуға мүмкіндік беретін шешімдерді, оқыту кешендерін, әдістемелерді тоқтаусыз дамыта беру керек. Бұған кез келген әдістемелік-ғылыми орталықтар, мектептер, тіл оқыту орталықтары да өз үлесін қоса алады және біз де оларды ынталандыру жұмыстарына көңіл бөлеміз. Назарбаев зияткерлік мектебінің ұжымымен кездестік. Олардың тіл оқыту әдістемесі мен тәжірибесін қарастырдық. Тың, жақсы ұсыныстарды кеңінен насихаттауда бірлесе жұмыс істеуді жоспарлап отырмыз. Тіл меңгерушілерге жан-жақты қолдау және көмек көрсету – халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы алдына қойып отырған негізгі міндеттердің бірі. Қазақ тілін үйрену қиын емес. Тіл меңгергісі келген адам оған ден қойып, көңіл бөліп, ықылас танытып, уақыт арнаса болғаны. 

САБИНА Кәкімжан

-->