Радикалдық идеялардан көңілі қалған: террорист ҰҚК өз еркімен берілді
10 қарашада ҰҚК қызметкерлері 2013 жылдан бастап Сирияда террористік топтар құрамында болған ҚР азаматын Түркиядан Қазақстанға жеткізді, деп хабарлады Elorda.info.
Қазақстанға келгеннен кейін ол қамауға алынды.
-->
Оның радикалдық идеялардан көңілі қалғаны, өз еркімен террористік әрекеттен бас тартып, Түркияға өткені және Отанына оралу үшін билік өкілдеріне берілуді шешкені белгілі. Өзінің әрекетімен ол басқа содырларға олардың одан әрі террористік белсенділік аймақтарында болудың келешегі жоқ екенін көрсетпек болды, - деп жазылған хабарламада Ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарламасында.
Қазақстанға келгеннен кейін ол қамауға алынды.
Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 257-бабы (террористік топ құру, оған басшылық ету және оның әрекетіне қатысу) бойынша қылмыстық іс тергеп-тексерілуде. Ерікті түрде берілу фактісі тергеу барысында ескерілетін болады, - деп жазылған хабарламада.