Әртүрлі

QAZDATATHON-2024 байқауына өтінімдер қабылдау мерзімі ұзартылды

QAZDATATHON-2024 конкурсына өтінімдер қабылдау мерзімі 18 қазанға дейін ұзартылды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Байқауға 2-5 адамнан тұратын командалар қатыса алады: студенттер, зерттеушілер және әлеуметтік ғылымдар саласындағы мамандар. Команда мүшелерінің экономика, әлеуметтану саласындағы білім мен статистикалық бағдарламалар және бағдарламалау тілдерімен жұмыс істеу дағдылары болуы қажет.

Команда ұйымдастырушылар ұсынған датасет негізінде синтетикалық деректер жиынтығының бірін қолданып, жоба әзірлеуі керек.

Жеңімпаздар ақшалай және бағалы сыйлықтар алады.