Әртүрлі

Qazaq Air әуе компаниясының пилоттары жалақы көтеру туралы талап қойды

Мәлімдемеде қойылған негізгі талаптар: түнгі рейстер үшін төлем жүйесін қайта қарау, командирлердің жалақысын көтеру, екінші пилоттардың жалақысын көтеру және барлық пилоттар үшін төлемді арттыру,  деп хабарлады Elordainfo.kz Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі әуе компаниясынан бұл мәлімдемені елдің қолданыстағы заңнамасына сәйкес қарауды талап етеді.

Ақпарат үшін: Qazaq Air әуе компаниясының 49 %-ы Sovico тобына, тағы 49%-ы "Самұрық Қазынаға", ал 2%-ы Kazasia Holding Limited компаниясына тиесілі.