Прокуратура: Түрмеде отырғандар онлайн сауда жасап, құмар ойын ойнаған
Алматы облысының прокуратурасы түзеу мекемелерінде тексеріс жүргізіп, көптеген заң бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлады Elorda.info.
Алматы облысы прокуратурасының мәлімдеуінше, сотталғандар ұялы телефондарды пайдаланып, онлайн сауда жасап, несие рәсімдеген. Сонымен қатар букмекерлік кеңселер мен онлайн-казино арқылы құмар ойындарға қатысқаны белгілі болды.
Бұған қоса, ҚК-нің 361-бабы 2-1-бөлігі бойынша №12 және №57 мекеменің қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр. №57 мекеме бастығына қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.
Тергеу жалғасуда, ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялануға жатпайды.
-->Алматы облысы прокуратурасының мәлімдеуінше, сотталғандар ұялы телефондарды пайдаланып, онлайн сауда жасап, несие рәсімдеген. Сонымен қатар букмекерлік кеңселер мен онлайн-казино арқылы құмар ойындарға қатысқаны белгілі болды.
«Мұндағы жалпы ақша айналымы 3 миллиард теңгеден асады. Мәселен №10 мекеменің сотталғандары мобильді құрылғыларды пайдаланып, рұқсат етілген және тыйым салынған заттарды мекеме ішінде сатқан. Аталған дерек бойынша Алматы облысының прокуратурасы ҚК-нің 361-бабы 2-1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізді. Іле аудандық сотының үкімімен осы мекеменің үш қызметкеріне түрлі шаралар қолданылды», - деді ведомсвоның баспасөз қызметі.