Әртүрлі

Президент реформасы елімізді жаңа қадамға бастады – Әскер Пириев

Елімізде президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашылық еткен ауқымды саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар жүзеге асырылып жатыр. Мемлекет тағдырына әрбір азамат тікелей жауапты екені айтпаса да белгілі. Расында да әрқайсысымыздың азаматтық ұстанымымыз еліміздің бүгіні мен ертеңі үшін өте маңызды. Мемлекет басшысының тікелей бастамасымен атқарылып келе жатқан саяси реформалар жайында Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілі, «Ахыска» түрік мәдени орталығының Астанадағы қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Әскер Пириев Elorda.info тілшісіне пікір білдірген болатын. 

Еліміз тәуелсіздік алғанына биыл 32 жыл толады. Ал Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Президенті болып сайланғанына тура төрт жыл толды. Мемлекет басшысы ретінде халыққа жолдаған бірінші Жолдауында қоғаммен ашық байланыс орнату, жұрттың сұранысына жылдам үн қату, әлеуметтік әл-ауқатын арттыру сияқты бағыттарға басымдық берген болатын. 

Президент елімізде несиесін төлей алмай жүргендерге қарызын кешіру туралы Жарлығы жұртшылықты қуантқан еді. Тіпті күллі әлемге таралған пандемия да елдің дамуына кедергі болмады. Президент шұғыл төтенше жағдай жариялап, арнайы комиссия құрып, маңызды шараларды қолға алған еді. Сондағы басты мақсат – Қазақстан экономикасын көтеру. 

Тағы бір айта кетерлігі, саясаттанушылардың айтуынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде ұлттық саяси реформаа жасаған. Бұл – үлкен жетістік. Сол арқылы жеке адамға дербестік, құқық, еркіндік берілді. 

Елімізде Президентті сайлау мандатын 7 жылдық бір мерзіммен шектеу, «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасының пайда болуы бұл Жолдаудың ееркше маңызды реформалары болып саналады. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Еңбекқорлық біздің негізгі құндылығымыз  болуы қажет. Оны ұлт сипатын айқындайтын асыл қасиетке айналдыруға тиіспіз.» деп адал еңбектің басты құндылық екеніне ерекше назар аударғаны белгілі. 

-->

Қазақта «Елу жылда – ел жаңа» деген сөз бар. Қазіргі кезде әлем өте жылдам дамып жатыр. Президентіміз билікке келгеннен бастап жаңа көзқараспен, жаңа саяси реформалармен, жаңа бағыттармен жұмысын бастады әрі солай жалғастырып келеді, - деді Әскер Пириев.

Президент елімізде несиесін төлей алмай жүргендерге қарызын кешіру туралы Жарлығы жұртшылықты қуантқан еді. Тіпті күллі әлемге таралған пандемия да елдің дамуына кедергі болмады. Президент шұғыл төтенше жағдай жариялап, арнайы комиссия құрып, маңызды шараларды қолға алған еді. Сондағы басты мақсат – Қазақстан экономикасын көтеру. 

Елімізде көптеген өзгеріс болды. Конституцияға бірқатар жаңа өзгерістер енгізілді. Елді басқару формасын Парламентпен бөлісу, Президенттің жақын туыстарының мемлекеттік қызметте жұмыс атқармауы, квазимемлекеттік секторда басшылық лауазымына өтпеуі, қазақстандықтардың өз бетінше Конституциялық сотқа  жүгіне алуы, адам құқықтарына байланысты өлім жазасына тыйым салынуы және т.б, -  деді Әскер Пириев.

Тағы бір айта кетерлігі, саясаттанушылардың айтуынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде ұлттық саяси реформаа жасаған. Бұл – үлкен жетістік. Сол арқылы жеке адамға дербестік, құқық, еркіндік берілді. 

Жұрттың оң бағасын алған Қасым-Жомарт Тоқаев шешімдерінің бірі – жаңадан құрылған үш облыс. Сол үш облысты Абай, Ұлытау, Жетісу деп аталуында ерекше әрі тарихи  мән бар. Бұл туралы Мемлекет басшысы өз сөзінде де айтқан болатын. Бұл сол маңдағы халыққа медициналық көмектің жылдам жетуіне, жаңа жұмыс орындарының көптеп ашылуына үлес қосады, - деді ол.

Елімізде Президентті сайлау мандатын 7 жылдық бір мерзіммен шектеу, «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасының пайда болуы бұл Жолдаудың ееркше маңызды реформалары болып саналады. 

Президент сайланғаннан бастап үлкен сынақтардан сүрінбей өтіп келеді. Оның бастамасымен біраз реформа жүзеге асты. Сондай-ақ бүгінгі күнге дейін оларға өзгерістер мен қосымшалар енгізілі келеді. Әлбетте, мемлекетті құру – оңай іс емес. Егер қазір ел іргетасы мықты болса, өскелең ұрпақ оның жемісін көреді. Бұл – өте күрделі  әрі жауапты мәселе. Әркім өз жұмысын дұрыс әрі адал атқару – келешекке жасалған жақсылық, - деді ол.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Еңбекқорлық біздің негізгі құндылығымыз  болуы қажет. Оны ұлт сипатын айқындайтын асыл қасиетке айналдыруға тиіспіз.» деп адал еңбектің басты құндылық екеніне ерекше назар аударғаны белгілі. 

Президентіміз әсіресе еңбек адамы туралы көп айтады. Олар – құрмет пен сыйға лайық жандар. Тоқаев еңбек адамының статусын, жағдайын, кішкене еске салғаны дұрыс болды. Президентіміздің жасап жатқан бастамаларына ел болып қолдау көрсетсек, бұл келешекке жасалған үлкен инвестиция. Елімізге амандық, жұртымызға тыныштық, іргетасымыз берік, шаңырағымыз биік болсын. Әлі де Қазақстан атын бүкіл әлемге биік ареналардан шығарады. Оған әлеуетіміз жетеді. Еліміздің демографиялық жағдайы жыл сайын артып келеді. Келешек ұрпақтың көзқарасы жақсы. Олар Тәуелсіздікте дүниеге келген азаматтар мен азаматшалар, - деп сөзін түйіндеді Әскер Пириев.