Президент BNK Financial Group компаниясы директорлар кеңесінің төрағасын қабылдады
Мемлекет басшысы BNK Financial Group компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Бин Дэ-Инді қабылдады, деп хабарлады Elorda.info Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы компанияның өз иелігіндегі BNK Finance Kazakhstan микроқаржы ұйымын толыққанды екінші деңгейлі банкке айналдыру ниетін құптады. Оның пікірінше, Оңтүстік Кореядағы жетекші банктің Қазақстанда қызмет етуі екі ел арасындағы сауда-инвестициялық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді.
Қасым-Жомарт Тоқаев компанияның микроқаржы ұйымын банкке айналдыру рәсімі аяқталған соң, корпоративтік несие беруге күш салуға шақырды. Сондай-ақ банк саласында озық IT-шешімдерді пайдаланудың маңыздылығына назар аударды.
BNK Financial Group Inc. – Оңтүстік Кореяның қаржылық тобы. Оның құрамына Busan Bank, Kyongnam Bank, BNK Capital және басқа да компаниялар кіреді. Компанияның активі – 129 миллиард доллар. Ал таза табысы – 504 миллион доллар. Қаржылық топ әлемдегі ең ірі компанияларды есепке алатын Forbes Global 2000 тізіміне енген.
-->