Президент АӨСШК Бас хатшысын қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев АӨСШК Бас хатшысы Қайрат Сарыбайды қабылдады, деп хабарлады Elorda.info.
Кездесу барысында Қайрат Сарыбай Мемлекет басшысына Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің қазіргі қызметі және алдағы даму перспективасын таныстырды.
Бас хатшы ұйымның 2022 жылғы 6-шы саммитінде қабылданған АӨСШК трансформациясы жөніндегі Астана мәлімдемесінде көрсетілген негізгі бағыттардың орындалу барысы туралы мәлімет берді.
Сонымеен қоса, форумның тұрақты институттарының жұмысы, орнықты өзара байланыс, қаржылық серіктестік, экология салаларындағы бастамаларды белсенді жүзеге асыру, сондай-ақ Азия елдері кеңістігінде жастар арасындағы және білім саласындағы тәжірибе алмасу перспективалары жөнінде баяндады.
Сөз соңында Қасым-Жомарт Тоқаев АӨСШК мақсаттары мен міндеттерін, сондай-ақ ұйымның Астанада өткен 6-шы саммитінде көтерілген бастамаларды іске асыру маңызды екеніне назар аударды.