Полицейлер 6 трансұлттық қылмыстық топты жойды
Мемлекет басшысының Ішкі істер министрлігінің алдына қойған міндеттерін орындау мақсатында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бағытында бірқатар іс-шара жүзеге асырылды. Нәтижесінде ұйымдасқан қылмыстық топтарды құру, оларға басшылық ету және оларды қаржыландыру бойынша 60-тан астам қылмыстық іс тіркелді. Бұл туралы Elorda.info ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.
Оның ішінде трансұлттық ауқымдағы фактілер де бар. Қылмыстық құрылымдардың 250-ден астам қатысушысы қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармаларының қызметкерлері жыл басынан бері заңсыз айналымнан 470 атыс және травматикалық қару, 44 граната, екі граната атқыш, 400 грамм тротил және 14 мыңнан астам оқ-дәрі тәркіледі.
Полиция қабылдаған шаралардың нәтижесінде биыл адам саудасына байланысты 150-ден астам қылмыстық іс тіркелді, оның ішінде 28 факт кәмелетке толмағандарға қатысты.
Өңірлерде, әсіресе оқу орындарында бопсалау деректерін болдырмауға бағытталған жұмыстар қарқынды түрде жүргізіліп келеді. Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармаларының қызметкерлері бопсалаудың 470 фактісін анықтап, жолын кесті, оның ішінде 261 қылмыстық іс бойынша кінәлі адамдар жауапқа тартылды.
Бұдан басқа пайдалы қазбалар мен бағалы металдарды өндіру объектілерінде ұрлыққа жол бермеу бойынша шаралар қабылданып жатыр.
Аймақтарда жекелеген қылмыстық топтарды анықтау және олардың әрекетінің жолын кесу бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары тұрақты негізде жүргізіледі.
Елордада тапсырыспен кісі өлтірудің екі дерегі анықталып, дер кезінде тоқтатылды. Қарызды қайтармау қылмыстарға себеп болған.
Біз басқа құқық қорғау және арнайы органдармен тығыз байланыстамыз.
Мәселен, қаңтар және қазан айларында Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, Қызылорда, Жамбыл, Түркістан және Жетісу облыстарында бұзақылыққа, ұрлыққа, бопсалауға, қаруды заңсыз сақтауға, заңсыз көші-қонды ұйымдастыруға, адамдарды ұрлауға және қаруды қолдана отырып жасалған қылмыстық қақтығыстарға қатысы бар қылмыстық топтарды ұстау бойынша арнайы операциялар жүргізілді.
-->Оның ішінде трансұлттық ауқымдағы фактілер де бар. Қылмыстық құрылымдардың 250-ден астам қатысушысы қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
Ел аумағында шетелдік криминалитеттің ықпалына жол бермеу бойынша шаралар қабылданып жатыр. Жүргізіліп жатқан жұмыстың нәтижесінде құрамына Қазақстан азаматтары да, жақын шет мемлекеттердің азаматтары да кіретін алты трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды. Аталған фактілер бойынша трансұлттық қылмыстық топты ұйымдастырғаны және оған қатысқаны үшін тоғыз қылмыстық іс тіркелді. Сонымен қатар шетелдік әріптестермен өзара іс-қимыл барысында республика аумағына төрт шетелдік қылмыстық билік өкілінің кіру фактілерін дер кезінде анықтап, жолын кестік, – деп атап өтті ҚР ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.
Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармаларының қызметкерлері жыл басынан бері заңсыз айналымнан 470 атыс және травматикалық қару, 44 граната, екі граната атқыш, 400 грамм тротил және 14 мыңнан астам оқ-дәрі тәркіледі.
Полиция қабылдаған шаралардың нәтижесінде биыл адам саудасына байланысты 150-ден астам қылмыстық іс тіркелді, оның ішінде 28 факт кәмелетке толмағандарға қатысты.
Мәселен, қазан айында “Қорғас” халықаралық орталығының аумағында сауықтыру орталығы мен қонақ үй кешенінің атын жамылып жұмыс істеген притондар мен жасырын казинолардың заңсыз қызметі тоқтатылды. Бес күдікті құрықталды, оның ішінде екеуі шетел азаматы, – деді Қанат Нұрмағамбетов.