Әртүрлі

Полиция жаяу жүргіншілерді жол ережесін сақтауға шақырады

Павлодар облысының полицейлері жаяу жүргіншілер мен көлік құралдарының қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында алдын алу жұмыстарын жүйелі түрде жалғастырып келеді,  деп хабарлады  Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жыл басынан бері жол қозғалысы ережелерін елемеген 6 мыңнан астам жаяу жүргінші жауапкершілікке тартылды. 

«Қарбаласқа толы жұмыс күндерінде немесе демалыс кезінде де жолдағы тәртіпті сақтау – өзіңнің қауіпсіздігіңнің кепілі екенін естен шығармауымыз керек. Жолда болып жатқан жағдайлардың бәріне біз – әрбір азамат жауаптымыз. Бұл жауапкершілік тек жүргізушілерге ғана емес, сонымен қатар жаяу жүргіншілерге де жүктеледі», - деді тәртіп сақшылары.

Полиция жолдан өтер кезде барынша сақ болуға шақырады.