Әртүрлі

Полиция жеті адамды алдаған жалған жиһаз жасаушысын ұстады

Түркістан облысында полиция жеті тұрғынды сан соқтырған жалған жиһаз жасаушысын ұстады, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Тәртіп сақшылары күдікті ер адамның дәл осыған ұқсас 7 жағдайға қатысы бар алаяқтық қылмысын анықтады. Яғни оларға да арзан бағада жиһаз жасап беремін деп алдаған. Жәбірленушілерге келтірген шығын көлемі 4 млн теңге. Қазіргі таңда ер адамның ісі сотқа жіберілді.

-->

«Шардаралық полиция қызметкерлері алаяқтыққа қатысы бар қылмыстық құқық бұзушылықты жасаған 37 жастағы ер адамды ұстады.  Жәбірленуші үйіне жиһаз жасатамын деп жиһаз компаниясын жарнамалық сайтынан бейтаныс ер адамға  алданып қалғаны белгілі болды. Еш күмән келтірмеген күдікті ер адам онымен келісім шарт жасасып, алдын ала 600 мың теңге ақшасын алған. Кейін  сатып алушымен байланысын тоқтатқан» - деп жазылған хабарламада.