Әртүрлі

Полицейлер вандализм жасаған күдіктіні анықтады

Ақмола облысында полиция вандализм жасаған күдіктіні анықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Заң бұзушылық 26 қазанда тіркелді. Ұлы Отан соғысының жауынгерлеріне арналған ескерткіш бүлініп, тақтайшалар жұлынған. Полиция оқиға орнына жедел жетіп, тексеру жүргізіп, сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 38 жастағы жергілікті тұрғын анықталды. Ұсталған күдікті жасаған іс әрекетін мойындады. Оған қатысты ҚР ҚК-нің 294-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталады.
 

»Заң және тәртіп» қағидаты шеңберінде осындай құқық бұзушылықтардың алдын алу және қылмысты ашу үшін барлық қажетті шара қабылданып жатыр.