Полицейлер ұшақ апатынан зардап шеккендерге арнап қан тапсырды
Маңғыстау облысында полиция қызметкерлері ерікті түрде қан тапсыру акциясына қатысып, ұшақ апатынан зардап шеккендерге қолдау көрсетті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Бұл бастама құқық қорғау органдарының тек қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз етуде ғана емес, қиын сәттерде адамдарға көмек көрсетудегі маңызды рөлін айқындай түседі, - делінген ІІМ хабарламасында.
Тәртіп сақшылары донорлық акцияларға тұрақты түрде қатысады: жеке құрамның айтарлықтай бөлігі жыл сайын тегін қан тапсырып, көмекке мұқтаж адамдарды қолдап келеді.
Айта кетейік, оқиға орнында болған жағдайдың барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу-жедел тобы жұмысын жалғастыруда.