Әртүрлі

Полицейлер есірткіге қатысты 400 құқық бұзушылықты анықтады

Көлік полицейлері 2024 жылы 400 есірткі құқық бұзушылығын анықтады,  деп хабарлады Elordainfo.kz  Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Оның ішінде 33 факті – есірткі сату, 23 факті – аса ірі мөлшерде сақтау, ал 9 факті – контрабандаға қатысты болды. Заңсыз айналымнан жалпы салмағы 240 келіден асатын әртүрлі есірткі заттары тәркіленді. Мысалы өткен жылдың жазында көлік полицейлері Шу қаласындағы теміржол тұйығы ауданында жедел-іздестіру шаралары барысында есірткі заттарын заңсыз сақтады деген күдікпен Жамбыл облысының бұрын сотталған 18 жастағы тұрғынын ұстады. Күдіктіні және оның тұрғылықты жерін тінту барысында жалпы салмағы 17 келі 840 грамм болатын кептірілмеген марихуана, өсімдік тектес заттар қалдықтары, арнайы құрал-жабдықтар, соның ішінде елек тәркіленді», - деп жазылған хабарламада.

Тергеу барысында күдікті есірткі заттарын өткізу мақсатында заңсыз сақтағаны анықталды. Аталған дерек бойынша көлік полицейлері сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп, кінәлі тұлға сот шешімімен қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін айыпты деп танылды. Сот үкімімен ол 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.