Әртүрлі

Полицейлер екі айда 900-ден астам есірткі құқық бұзушылығын анықтады

ІІМ қоғамда заң мен тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған жұмысты белсенді жалғастыруда. Оның ішінше есірткі қылмысына қарсы күрес қарқынды жүріп жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Екі ай ішінде республика аумағында 981 есірткі құқық бұзушылығы анықталды, оның ішінде 219 есірткі өткізу фактісі және 10 есірткі контрабандасы. Екі ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекеті жойылды, 12 есірткі зертханасы мен төрт есірткі притоны таратылды.

Синтетикалық есірткі сатқаны үшін 230 адам ұсталды, оның ішінде 45 оператор және 185 есірткі жасырушы. Есірткіні өткізуге және насихаттауға қатысы бар 1 560 интернет-ресурс анықталып, бұғаттауға жолданды, – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Данияр Мейірхан.

Оның айтуынша, Telegram өкілдерімен өзара іс-қимылдың арқасында заңсыз контенті бар екі мыңнан астам сілтеме жойылған. Заңсыз айналымнан барлығы 5,5 тоннадан астам есірткі тәркіленді, оның ішінде 76 кг синтетика. Үш тоннадан астам прекурсорға заңды айналымда шектеу қойылған.