Әртүрлі

Полицейлер автокөлікті жалға алып-сатумен айналысқан алаяқты анықтады

Астаналық полицияға қаланың 40 жастағы тұрғыны жүгініп, бейтаныс адам алаяқтық жолмен оның 7 миллион теңге сомасында ақша қаражатын иемденгені туралы мәлімдеген, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Алматы ауданының криминалдық полиция қызметкерлері қылмыс жасады деген күдікпен 29 жастағы азаматты ұстады, ол мойындау көрсетпелерін берді.

«Болжам бойынша, схема келесідей жұмыс істеген: ер адам автокөлікті жалға алу туралы шартын жасап, содан кейін басқа қалаға барып, оларды сатқан, бірақ көліктің құжаттары өзімде жоқ деген түрлі сылтаулар ойлап тапқан. Белгілі болғандай, осылайша қаскүнем оңай ақша табуға тырысқан», - делінген хабарламада.

Алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Ер адам қамауға алынды.

Тергеу барысында күдіктінің осыған ұқсас 3 эпизодқа қатысы бар екені анықталды.

Астана қаласының Полиция департаменті азаматтарды аса мұқият болуға және алаяқтарға алданбауға шақырады: ешқандай жағдайда құжатсыз автокөлік сатып алуға болмайды.