Әртүрлі

Полицейлер ата-аналарға балаларына жол ережесін үйретуге шақырады

Полиция ата-аналарды балаларына жол ережесін үйретуге шақырады, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Балалар арасында жол-көлік жарақаттарының басты себебі – жол қозғалысы ережелерінің қарапайым негіздерін білмегендіктен және үлкендердің жолда жүрген балаларға немқұрайлы қарауынан туындайды. Әсіресе мектепке дейінгі жастағы балалар жақындап келе жатқан көліктің қашықтығын, жылдамдығын есептей. алмайды. Олар өздерін епті, шапшаң санап, жолды тез өтіп кетемін деп ойлайды.

Балалардың жол қозғалысы ережелерін меңгеруін нығайту мақсатында полицейлер балаларға үн қатты.

«Жол қозғалысы ережелерін білу және көшеде дұрыс бағдар алу жолдағы жағдайларда көп көмектеседі. Сондықтан ережелерді сақтауға, жолдағы жағдайды бағдар жасауға үйрену қажет. Мінез-құлық дағдылары бізде бала кезден қалыптасады. Көшеде көліктерге мұқият қараңыздар, жолдағы қауіпті элементтерді көре біліңіздер», - деп атап өтті аға инспекторы Мәдина Жұмабаева.