Петропавлда резервтік сорғы стансасы салынады
Су тасқыны салдарын жою және жүргізіліп жатқан іс-шараларды талдау шеңберінде Премьер-Министр Олжас Бектеновке Петропавлда резервтік сумен жабдықтау көзін салу жоспарлары туралы баяндалды. Бұл туралы Elorda.info Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.
Жобалық қуаты сағатына 100 мың м3 болатын техникалық құрылысты табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ туындаған жағдайда халықты таза ауыз сумен қамтамасыз ету үшін жұмысы тоқтатылған сорғы стансасының орнында салу көзделген. Жобаны іске асыру көктемде Петропавл тұрғындары тап болған қиындықтарды болдырмауға мүмкіндік береді.
Үкімет басшысы мұндай апатты жағдайдың қайталануына жол берілмейтінін атап өтіп, СҚО әкімдігіне Қаржы министрлігімен бірлесіп жобаны іске асыруға қаражат бөлу мәселесін пысықтауды тапсырды.
-->Жобалық қуаты сағатына 100 мың м3 болатын техникалық құрылысты табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ туындаған жағдайда халықты таза ауыз сумен қамтамасыз ету үшін жұмысы тоқтатылған сорғы стансасының орнында салу көзделген. Жобаны іске асыру көктемде Петропавл тұрғындары тап болған қиындықтарды болдырмауға мүмкіндік береді.
Үкімет басшысы мұндай апатты жағдайдың қайталануына жол берілмейтінін атап өтіп, СҚО әкімдігіне Қаржы министрлігімен бірлесіп жобаны іске асыруға қаражат бөлу мәселесін пысықтауды тапсырды.