Әртүрлі

Павлодар облысында полицияға жалған ақпарат берген әйел айыппұл арқалады

Павлодар облысында суицид жасаймын деп полицияға хабарласқан 30 жастағы қала тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ішімдік ішкен Ақсу қаласының тұрғыны шұғыл қызметке қоңырау шалып, өз-өзіне қол жұмсағысы келетінін айтқан.  

«Тәртіп сақшылары көрсетілген мекенжайға дереу жетіп, мән-жайды тексерді. Алайда бұл мәлімет расталмады. Тексеру барысында әйелдің эмоционалды күйзеліс жағдайында болып, ішімдік ішкеннен кейін жалған ақпарат бергені анықталды», - делінген хабарламада.

Осы әрекеті үшін қала тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 110 мың теңгеден астам айыппұл төлеуге міндеттелді.

Жалпы, жыл басынан бері облыс бойынша осындай жалған шақыртулар үшін 319 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.