Әртүрлі

Павел Дуров Францияда қамауға алынды

Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров Францияда қамауға алынды. Оны франциялық арнайы қызмет әуежайда ұстады,  деп хабарлады Elordainfo.kz TF1 телеарнасына сілтеме жасап.

Франциядағы БАҚ өкілдерінің мәліметінше, Telegram-дың негізін қалаушы және бас директоры жеке ұшағынан шығып бара жатқан жерінде ұсталған. Мақалада оған әртүрлі қылмыс бойынша айып тағылуы мүмкін екені жазылған: терроризм, есірткі, сыбайластық, алаяқтық, заңсыз ақша табу, ұрланған мүлікті алу, балалардың контентінің қылмыстық мазмұны және т.б. 

Кәсіпкер қамауға алынып, 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

Дуров төрт елдің азаматы: Ресей, Франция, Сент-Китс және Невис федерациясы және БАӘ.