Париж Олимпиадасына велосипедпен аттанған маңғыстаулық спортшы Түркияға жетті
Парижде өтетін жазғы Олимпиадаға велосипедпен аттанған маңғыстаулық Рәббім Борашев Түркияға жетті, деп хабарлады Elorda.info Маңғыстау облысы қоғамдық коммуникация орталығының Telegram желісіндегі ресми арнасына сілтеме жасап.
Велошабандоз сапарын 4 мамырда бастап, кейін 1 айға уақытша тоқтатқан еді. Ол үзілістен соң жұбайы Айзада Борашевамен бірге веложорығын қайтадан жалғастырды. Қазір ерлі-зайыпты Түркия мемлекетінің Хопа қаласына жеткен.
Еске салайық, маңғыстаулық азамат Рәббім Байбозұлы Парижде өтетін жазғы Олимпиада ойындарына велосипедпен жолға шыққанын жазған едік. Ол сапары барысында 9 елге баруды жоспарлап отырғанын айтқан болатын.
-->Велошабандоз сапарын 4 мамырда бастап, кейін 1 айға уақытша тоқтатқан еді. Ол үзілістен соң жұбайы Айзада Борашевамен бірге веложорығын қайтадан жалғастырды. Қазір ерлі-зайыпты Түркия мемлекетінің Хопа қаласына жеткен.
«18-23 мамырда III «Ұлы дала» жорығына, маусым айының 6-8 аралығында Сүгір Бегендікұлының 130 жылдық мерейтойына қатыстым. Ал қазір Түркия елінің Хопа қаласындағы қонақ үйдің біріне келіп орналастық», - деді Рәббім Борашев.
Еске салайық, маңғыстаулық азамат Рәббім Байбозұлы Парижде өтетін жазғы Олимпиада ойындарына велосипедпен жолға шыққанын жазған едік. Ол сапары барысында 9 елге баруды жоспарлап отырғанын айтқан болатын.