Әртүрлі

Пәкістандық туристер елден мәжбүрлі түрде шығарылды

Астана қаласы көші-қон қызметінің қызметкерлері жедел профилактикалық іс-шара барысында көші-қон заңнамасын бұзған Пәкістан Республикасының бес азаматын анықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Шетелдіктердің елорда аумағына туристік виза арқылы кіргені және белгіленген мерзімде елден шықпағаны белгілі болды. Мигранттар Қазақстан Республикасынан мәжбүрлі түрде шығарылды. Полиция қызметкерлері туристерді әуе рейсімен Пәкістан Республикасына жіберді.

«Астана қаласының Полиция департаменті көшелер мен қоғамдық орындарда құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, заңсыз көші-қонды анықтау және жолын кесу мақсатында 14-18 қазан аралығында жедел-профилактикалық іс-шара өткізіп жатыр», - делінген хабарламада.

ОПМ басталғаннан бері полиция қызметкерлері көші-қон заңнамасын бұзған 217 шетелдік пен 27 Қазақстан азаматын анықтады. Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 23 шетел азаматтары елден шығарылды.