Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің айналасында биік ғимарат салуға тыйым салынды
Парламент Сенатының Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Сенат депутаттары жалпы отырыста Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы заңды мақұлдады.
Енді заң арқылы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің бірегейлігін сақтау үшін кесененің қорғау аймағының шекарасынан бір жүз метр қашықтықта биіктігі жеті метрден асатын және ауқымы, түсі және құрылыс материалдары бойынша тарих және мәдениет ескерткіштерімен үйлеспейтін объектілер салуға жол берілмейтін болды.
Заңдарда мүгедектігі бар адамдар үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз етуге және инклюзивті туризмді дамытуға арналған түзетулер де қарастырылған. Бұл ретте инфрақұрылымның кедергісіз қолжетімділігін қамтамасыз ету көзделіп отыр.
Сонымен қатар әкімдіктер мен мәслихаттардың құзыреттері қайта қаралды.