Отандық әуе компания паркі жаңа ұшақпен толықты
SCAT әуе компаниясының флоты тағы бір жаңа Boeing 737 MAX 8 әуе кемесімен толықты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Бұл әуе компанияның осы үлгідегі он бірінші ұшағы.
«SCAT ішкі және халықаралық әуе рейстерін орындау үшін 35 заманауи ұшақты қолданады. Жаңа Boeing 737 MAX 8 биыл әкелінген үшінші әуе кемесі. Жыл соңына дейін әуе компания флоты осы үлгідегі тағы бір ұшақпен толығады», - делінген Көлік министрлігінің хабарламасында.
Boeing 737 MAX 8 халықаралық стандарттарға сәйкес жоғары экологиялық тиімділікке ие.