Әртүрлі

Қостанай облысында жеке деректерді ұрлайтын бағдарламаларды сатқан азамат сотталды

Қостанай облысының тұрғыны интернет қолданушылардың жеке деректерін ұрлауға мүмкіндік беретін бағдарламалар сатқаны үшін жауапкершілікке тартылды, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қостанай облысында интернет пайдаланушылардың жеке деректерін (логиндер, парольдер, IP-мекенжайлар) алуға мүмкіндік беретін зиянды бағдарламаны таратумен айналысқан 24 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды.

Сондай-ақ ол заңсыз түрде зиянды бағдарламалар жасауға үйрету бойынша өз қызметтерін сатқаны белгілі болды.

Nº2 сот үкімімен ҚР ҚК-нің 210-бабының 1-бөлімінде көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, бір жылға бас бостандығы шектелді. Бұған қоса 100 сағатқа мәжбүрлі еңбекпен айналысып,  55 380 теңге айыппұл төлейді.

 Үкім заңды күшіне енді.