Әртүрлі

Қостанай облысындағы табиғи өрт сөндірілді

Қостанай облысы Қамысты ауданы Арқа ауылынан 15 шақырым жерде алдын ала болжам бойынша 5 мың га алаңда құрғақ шөп өртенді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Желдің екпіні 25 м/с дейін жетіп, өрттің таралуына әкелуі мүмкін болды. Өрттің мемлекеттік қордың орман алқабына өту қаупі туындады.

Өрт ошақтарына дереу құтқарушылар топтары, оның ішінде өрт сөндіру авиациясы тартылды.

Өртті сөндіруге жеке құрамнан 200-ге жуық адам, ТЖД, ЖАО 34 техника, тікұшақтар мен өрт пойызы жұмылдырылды. 7 рет жалпы көлемі 18 тонна су төгілді, - делінген ТЖМ хабарламасында.

Төтенше жағдайлар министрінің тапсырмасы бойынша өрт орнына Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Рамиль Камалов, ТЖ жою департаментінің бастығы Мақсат Дәулетьяров және Қостанай облысы ТЖД бастығы Дамир Ермағамбетов жіберілді. 

Құтқарушылардың үйлесімді іс-қимылдары мен өртті ауадан және жер үсті тәсілімен сөндіру бойынша қабылданған шаралардың арқасында өрт толығымен сөндірілді. Қазіргі уақытта өрттің нақты ауданы белгіленуде.

Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.