Әртүрлі

Қошқарбаев пен Ақышевтың 100 жылдығына арналған монеталар айналымға шықты

Ұлттық Банк «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» монеталар сериясынан RAQYMJAN QOSHQARBAEV. 100 JYL және KEMEL AQYSHEV. 100 JYL коллекциялық монеталарын айналымға шығарды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Монеталар 28 тамыздан бастап kazcoins.nationalbank.kz интернет-дүкені арқылы сатылады.

RAQYMJAN QOSHQARBAEV. 100 JYL коллекциялық монетасы мельхиор қоспасынан жасалды, массасы – 15 грамм, диаметрі –  33 мм, дайындау сапасы – brilliant uncirculated, номиналы – 200 теңгелік, таралымы – 5 мың дана.

KEMEL AQYSHEV. 100 JYL коллекциялық монетасы да мельхиор қоспасынан жасалды. Монета массасы – 15 грамм, диаметрі – 33 мм, дайындау сапасы – brilliant uncirculated, номиналы – 200 теңгелік, таралымы – 5 мың дана.

«Коллекциялық монеталар еліміздің бүкіл аумағында өздерінің белгіленген құнына сай төлемнің барлық түрі бойынша қабылдануға, сондай-ақ елдің барлық банкінде банк шоттарына есепке алынуға, аударуға, ұсақталуға және айырбасталуға жатады»,- деді Ұлттық Банктің баспасөз қызметі.

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.