Орталық сайлау комиссиясының екі мүшесі лауазымынан босатылды
Мемлекет Басшысының жарлықтарымен Орталық сайлау комиссиясының екі мүшесі лауазымынан босатылды, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақорданң баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сәбила Мұстафина және Константин Петров Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі лауазымынан босатылды.
Сонымен қатар Президент жарлықтарымен Азамат Айманакумов пен Михаил Бортник Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі лауазымына тағайындалды.