Әртүрлі

Оралда 73 адамның ақшасын қолды қылған қаржылық пирамида басшысына үкім шықты

Батыс Қазақстан облысының Орал қалалық соты 2019-2020 жылдар аралығында «Качество PLUS» ЖШС қаржылық пирамидасын құрып, 73 салымшының қаржысын жымқырған тұрғынға үкім шығарды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Ол инвестициялық жобаларды заңды түрде инвестициялаймыз деген желеумен салымшылардың қаражатын тартып, жоғары табысқа уәде берген. Оның қылмыстық әрекетінің нәтижесінде жәбірленушілер жалпы сомасы 143 миллион теңгеден астам материалдық шығынға ұшырады. Одан әрі өзіне жеке басшылық бойынша барлық өкілеттіктерді бере отырып, азаматтардың тұтыну кооперативінен «Свой DOM.kz» және «Pater Hause» тұрғын үй-құрылыс кооперативінен жалпы сомасы 161 миллион теңгеден астам қаражатты ұрлаған.

«Сот сотталушыны кінәлі деп тауып, қаржы ұйымдарында басшы лауазымдарды атқару және 10 жыл мерзімге қаржы ұйымының мүшесі болу құқығынан айыра отырып, 7 жылға бас бостандығынан айырды. Сонымен қатар күдіктінің бағалы мүліктері есебінен шығын өтелетін болады», - деді Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.