Оманмен тікелей әуе қатынасы қалпына келтірілуде
18 маусымынан бастап «Salam Air» Оман әуе компаниясы Алматы – Маскат бағыты бойынша әуе қатынасын қалпына келтіруді жоспарлап отыр, деп хабарлады Elorda.info.
Бұл туралы Көлік министрлігі мәлімдеді.
-->
Бұл туралы Көлік министрлігі мәлімдеді.
Рейстер сыйымдылығы 180-230 орындық «Эйрбас-А320/А321» үлгісіндегі әуе кемелерінде аптасына 2 рет (сейсенбі және жұма күндері) орындалады. Әуе қатынасын қалпына келтіру екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етпек, - деп жазылған хабарламада.