«Таза Қазақстан» акциясы науқандық шараға айналмауы керек – Олжас Бектенов
Премьер-Министр Олжас Бектенов cу кеткен жерлерде көпке созбай, тасқыннан кейінгі тазарту, дезинфекциялау және қалпына келтіру жұмыстарын бастау тапсырды, деп хабарлады Elorda.info.
-->Премьер-Министр Олжас Бектенов cу кеткен жерлерде көпке созбай, тасқыннан кейінгі тазарту, дезинфекциялау және қалпына келтіру жұмыстарын бастау тапсырды, деп хабарлады Elorda.info.
Құрылыс және жөндеу жұмыстарының нақты жоспары қажет. Бұл жағдай бізге инфрақұрылымды жаңартуға, елді мекендерді көріктендіруге жаңаша көзқарасты қалыптастырады.
Оның үстіне Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Таза Қазақстан» ауқымды акциясы басталды. Баршаңызға Президенттің сөзін естеріңізге салғым келеді, бұл бір реттік акция немесе науқан емес, тұрақты жұмысқа айналуы керек. Бұл елді мекендерді көріктендіруге қатысты жаңаша көзқарас қалыптастырады, - деп атап өтті Үкімет басшысы.