Әртүрлі

Олимпиада жүлдегерлері өз киімдерін Ұлттық музей қорына табыстады

Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде Олимпиада жүлдегерлерінің киімдерін табыстау рәсімі өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Мәдениет және ақпарат министрлігі таратқан мәліметке сүйенсек, іс-шараға чемпион Ольга Рыпакова мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитетінің өкілдері қатысты.

Қазіргі уақытта мұражайда 654 костюм болса, оның 223-і спортшыларға тиесілі. Олардың қатарында Жақсылық Үшкемпіров, Дәулет Тұрлыханов, Серік Сәпиев, Бақтияр Артаев, Александр Винокуров, Денис Тен және басқалардың спорттық киімдері бар.

Бүгінгі таңда топтама Токио-2020 Олимпиадасында Қазақстан құрамасының ту ұстаушылары Ольга Рыпакова мен Қамшыбек Құнқабаевтың ерекше киімдерімен толықты.
 
-->