Оксфорд университетінде қазақ тілі оқытылады
Оксфорд университетінде қазақ тілі оқытылады, деп хабарлады Elorda.info.
Ғылым және жоғары білім министрі мен Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының басшыларынан құралған қазақстандық делегация әлемдегі ең беделді университетте болды.
Ұлыбританияның оқу орнына арнайы барған делегация өкілдеріне Оксфорд Бодлиан кітапханасының Қазақстанға қатысты эксклюзивті көне қолжазбалары көрсетілді. Сонымен қатар университетте экскурсия өтіп, тарихы таныстырылды.
Бұдан әрі министр Саясат Нұрбек британдықтарға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен даярланған Oxford Qazaq сөздігінің алғашқы басылымын таныстырды.
Айта кету керек, өткен жылдың соңында қазақша-ағылшынша Oxford Qazaq сөздігі жарыққа шыққан болатын. Алғашқы басылым 1300 беттен тұрып, 60 мыңнан астам сөзді қамтыды. Ол Ахмет Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының мамандарының қатысуымен 4 жыл бойы құрастырылды. Сәйкесінше, онда екі тілдің лексикасындағы өзгерістер және қазіргі мәдениет пен ғылым саласына қатысты соңғы жаңалықтардың енгенін атап кеткен жөн.
Сонымен қатар, министр әлемдегі жетекші жоғары білім сарапшыларының бірі, Білім департаментінің (Оксфорд университеті) ғылым жөніндегі орынбасары Майя Чанкселиани келіссөздер жүргізді. Тараптар үш маңызды бағытты талқылады: ғылыми тағылымдамалар бағдарламасы, академиялық шеберлік орталықтары бойынша консалтинг, сондай-ақ жоғары білім беру саясаты саласында консультация беру.
-->Ғылым және жоғары білім министрі мен Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының басшыларынан құралған қазақстандық делегация әлемдегі ең беделді университетте болды.
Ұлыбританияның оқу орнына арнайы барған делегация өкілдеріне Оксфорд Бодлиан кітапханасының Қазақстанға қатысты эксклюзивті көне қолжазбалары көрсетілді. Сонымен қатар университетте экскурсия өтіп, тарихы таныстырылды.
Бұдан әрі министр Саясат Нұрбек британдықтарға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен даярланған Oxford Qazaq сөздігінің алғашқы басылымын таныстырды.
«Тіл – халқымыз үшін басты құндылықтардың бірі. Бүгін қазақ және ағылшын тіліндегі Oxford Qazaq сөздігін таныстыра отырып, біз жаңа тарихи белеске көтерілеміз. Соның арқасында әлем жұртшылығы біздің мәдениетіміз бен халқымыздың тарихы туралы мол мәлімет білетін болады. Біз қазақ тілін тек қағаз жүзінде ғана емес, мемлекеттік тілді дамытуды цифрландыру арқылы белсенді түрде жүзеге асырамыз», - деді министр.