Әртүрлі

Қазақстандық зерттеушілер Оксфорд университетінде тағылымдамадан өте алады

Maqsut Narikbayev University мен Оксфорд университеті Исламтану орталығы (Oxford Center for Islamic Studies, OXCIS) арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлады Elorda.info.

Бұл туралы жоғарғы оқу орнының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Меморандум Оксфорд Исламдық зерттеулер орталығында қазақстандық зерттеушілердің тағылымдамадан өтуіне жол ашады. Аталған құжат екі ел арасында тәжірибе мен білім алмасудың құнды тетігі болмақ. Меморандум – ғылыми ынтымақтастықты дамытудағы және академиялық қауымдастықтар арасындағы өзара түсіністікті нығайтудағы маңызды қадам.

Фархан Низамидің Maqsut Narikbayev University-ге сапары кезінде MIND ғылыми-зерттеу орталығының қызметі таныстырылды және университет бойынша экскурсия жүргізілді. Доктор Фархан Низами университеттің инфрақұрылымын, оқу және ғылыми зерттеу мүмкіндігін, кітапханалардың қолжетімділігін, оқу орнының жалпы атмосферасы мен мәдениетін жоғары бағалады.

Доктор Фархан Низами – мұсылман әлеуметтік және интеллектуалды тарихының көрнекті маманы, Оксфорд Исламтану орталығының негізін қалаушы және директоры, оның жұмысы Ислам әлемі мен Батыс арасындағы халықаралық диалогқа ықпал етеді. Сондай-ақ Фархан Низами Қазақстанға сапары аясында Maqsut Narikbayev University қабырғасында «Біздің заманымыздағы диалог пен толеранттылықтың қажеттілігі» тақырыбында қоғамдық дәріс оқыды.

Maqsut Narikbayev University Басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаев өз сөзінде көптеген ЖОО Оксфорд университетіне қарап бой түзейтінін және қазіргі уақытта MNU Ұлыбританияның жетекші жоғары оқу орындары сияқты QAA аккредитациясына ие екенін атап өтті.

Доктор Фархан Низами өз дәрісінде халықтар мен мәдениеттер арасындағы диалогтың жетіспеушілігі күннен күнге артып келе жатқанына назар аударды.

Қатысушылар дәріс тақырыбына үлкен қызығушылық танытып, пікірталасқа белсене қатысты. Фархан Низами өзінің кәсібилігі мен дәрісті қызықты түсіндіре білу қабілетінің арқасында аудиторияның құрметіне ие болды.

-->

Біздің университетте Ислам және Қазақ құқығы орталығы ашылған болатын. Орталықтың ашылу мақсаты – осы уақытқа дейін толық зерттелмеген тарихымызды, яғни Қазақстан тарихын, халқымыздың тарихын тереңірек түсіну, - деді ол.

Доктор Фархан Низами өз дәрісінде халықтар мен мәдениеттер арасындағы диалогтың жетіспеушілігі күннен күнге артып келе жатқанына назар аударды.

Бір-бірін тыңдап, түсіне білу – маңызды. Толеранттылық тек сән құбылысы емес, бұл диалогтың негізгі аспектісі. Диалог әділдік пен қоғамның дамуы үшін жұмыс жасап, елдер, халықтар мен діндер арасындағы қатынастарды нығайтады. Саясаткерлер, экономистер және әлеуметтанушылар бұны түсінуі керек. Диалог айырмашылықтарды түсіну мен құрметтеу, эмпатия мен даму үшін қажет, - деп атап өтті доктор.