Қоқыс шығару қызметтерінің құны төмендетіліп, 10 мыңнан астам тұрғынның құқығы қорғалды
Жетісу облысының прокурорлары қоқыс шығару қызметін пайдаланатын 10 мыңнан астам тұтынушының құқықтарының бұзылғанын анықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Текелі қаласы мәслихатының шешімімен коммуналдық қалдықтардың түзілу нормаларын, халыққа жинау және тасымалдау тарифтерін бекіту кезінде ҚР экология, геология және табиғи ресурстар Министрінің бұйрығымен бекітілген (14.09.2021ж. №377). «Есептеу әдістемесінде» көзделген формуланы қолдану бөлігінде бұзушылықтарға жол берілген.
Қадағалау актісі бойынша жеке тұрғын үйлердің тұрғындары үшін қоқыс шығару қызметтерінің құны 152,69 теңгеге (391,39-дан 238,7 теңгеге дейін), ал абаттандырылған үйлер үшін 7,22 теңгеге (238,7-ден 231,48 теңгеге дейін) төмендетілді.
10 625 қала тұрғынының құқығы қорғалды.