Қоғамдық бақылау мәселелері бойынша 10 заңға өзгерістер енгізілді
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Мәдениет және ақпарат вице-министрі Данияр Қадыров мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.
Ол заң елімізде қоғамдық бақылауды ұйымдастыруға және жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталғанын жеткізді.
Заңда қоғамдық бақылаудың негізгі қағидаттары ретінде «заңдылық, жариялылық, ашықтық және қоғамдық бақылау субъектілерінің ерікті қатысуы мен тәуелсіздігі» бекітілген. Сондай-ақ құжатта азаматтар қоғамдық бақылауды жүзеге асыра алатын қоғамдық бақылау нысандарының тізбесі айқындалды.
Заңда қоғамдық бақылауға қатысу шарттары да айқындалған.
Қоғамдық бақылау және әкімшілік рәсімдер мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының 3 кодексіне және 10 заңына өзгерістер енгізілді.
Қазіргі уақытта аталған заңдарды іске асыруға бағытталған 16 нормативтік құқықтық акті даярланып, құзіретті мемлекеттік органдармен келісу өтіп жатыр.
-->Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Мәдениет және ақпарат вице-министрі Данияр Қадыров мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.
Ол заң елімізде қоғамдық бақылауды ұйымдастыруға және жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталғанын жеткізді.
Халықаралық сарапшылармен, 50-ден астам жұмыс топтарының отырыстары өтті. Халықаралық тәжірибе талқыланды, - деп мәлім етті Мәдениет және ақпарат вице-министрі.
Заңда қоғамдық бақылаудың негізгі қағидаттары ретінде «заңдылық, жариялылық, ашықтық және қоғамдық бақылау субъектілерінің ерікті қатысуы мен тәуелсіздігі» бекітілген. Сондай-ақ құжатта азаматтар қоғамдық бақылауды жүзеге асыра алатын қоғамдық бақылау нысандарының тізбесі айқындалды.
Олар барлық жергілікті атқарушы органдар, орталық атқарушы органдар, сонымен бірге квазимемлекеттік сектор, орталық және жергілікті атқарушы органдардың функцияларын орындаушылар, сондай-ақ дербес білім беру ұйымдары, - деп атап өтті ол.
Заңда қоғамдық бақылауға қатысу шарттары да айқындалған.
Қоғамдық бақылауды іске асыруға он сегіз жасқа толмаған, өтелмеген соттылығы бар, наркологиялық немесе психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған адамдар жіберілмейді, - деді Данияр Қадыров.