«Қоғамға дұрыс азамат қосқым келеді»: Роза коуч ұлдарының тәрбиесі туралы айтты
Мұндай пікірді көпшілікке «коуч Роза» ретінде танымал болған Роза Әшірбаева Әйгерім Есенәліге берген сұхбатында айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Ұлдарды ақша сатып аламын. Күйеуім екеуіміз ұлдарымыздың тәрбиесінде әсіресе олардың қаржылық сауаттылығы, өзінің еткен еңбегі үшін ақша алу, ақшасын дұрыс жинау әрі басқару секілді дүниелерді қолға алдық. Оларға ақша ұстап үйретуді 12-13 жастарынан бастадық. Баламыз болғаны үшін оларға айлық береміз. Оның сомасы аз. Бірақ мұндағы мақсат – ақшаны ұстап үйрету. Себебі егер сіз балаңызға ақша бермесеңіз, ертеңгі күні қолына ақша түскенде қайда кеткенін білмей қалады. Сол себепті жасөспірім кезінен ақша ұстап үйрену керек. Мәселен, ертең жұмысқа барып, айлығын бір күнде жаратып тастаса, не болады? Ол ертеңгі бір отбасының асыраушысы емес пе? Осы орайда жолдасым екеуімізге балаларымыздың ақшаға қатысты жауапкершілігі өте маңызды. Қоғамға дұрыс азамат қосқымыз келеді. Сондықтан әр еңбек бағалану қажет. Оларға видеоға түскен сайын еңбекақысын беріп отырамыз. Камераға түсу, мәтін жаттау, оны ойнап беру – жұмыс. Сол актерлік жұмысы үшін гонорар береміз», - деді коуч.