Әртүрлі

Құны 6,5 млн тұратын қорап темекіні заңсыз өткізудің жолы кесілді

Қаржылық мониторинг агенттігі қызметкерлері көлік прокуратурасын үйлестірумен, Ұлттық қауіпсіздк комитеті  Шекара қызметі және Маңғыстау облысының МКД қатысуымен Кедендік бақылау аймағынан тыс жасырын өтіп, Түрікменстан аумағынан әкелінген контрабандалық темекі партиясын ұстады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Ұсталған автокөліктің жүк қоймасында жол құжаттарда мәлімделген тауарлардың орнына іс жүзінде темекі болған. 6,5 млн қорап темекінің кедендік құны 1,5 млрд теңгені, төленбеген кедендік төлемдер мен салықтар 1,8 млрд теңгені құрайды. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етілуге жатпайды», - деп жазылған ҚМА баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Қазіргі уақытта аталған дерек негізінде экономикалық контрабанда бойынша сотқа дейінгі тексеру жүргізіліп жатыр.