Әнші Мақпал Исабекова қызына ерекше ат қойды
Өнер иесі қызына «Илая» деген ерекше ат қойды. Ол оқырмандарына жаңа туған қызына қойған есімнің мағынасы туралы да айтты, деп хабарлады Elorda.info әншінің Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап.
Жақында ғана екінші сәбиін дүниге әкелген Мақпал Исабекова оқырмандарына қызына қандай ат қойғанын тауып көруді ұсынды. Бір оқырманы сәби есімінің «Илая» екенін дұрыс тапқан.
-->Жақында ғана екінші сәбиін дүниге әкелген Мақпал Исабекова оқырмандарына қызына қандай ат қойғанын тауып көруді ұсынды. Бір оқырманы сәби есімінің «Илая» екенін дұрыс тапқан.
«Еврей тілінде Илай есімі «менің Құдайым» дегенді білдіретін сөзден шыққан. Бұл есім - Інжілде айтылған бірнеше маңызды кейіпкерлердің есімі. Араб тілінде бұл есім «Құдайға бағытталған» немесе «Құдайға тиесілі» деп аударылатын сөзден шыққан болуы мүмкін. Грек мәдениетінде Илай есімі «күн» немесе «жарқыраған» дегенді білдіретін ежелгі грек сөзімен байланысты», - деп есімнің мағынасы туралы да жаза кетті әнші.