Әртүрлі

Әнші Бүркіт енесіне су жаңа көлік сыйлады

Эстрада жұлдызы Бүркіт енесіне су жаңа көлік сыйлап, қуанышқа бөледі, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Әнші әлеуметтік желідегі парақшасында қуанышты оқиғаның видеосын жариялаған. Онда Аишаның және өзінің анасы, балалары мен туғандары көлік салонына келіп, шашу шашып жатқан сәті бейнеленген.

«Сахнада екеуіміз бірге жүрген соң, мен ойлаймын, бұл Аишаның өзінің анасына сыйы. Иә, түсінем, үй иесі мен болғанмен, анасы ғой. Мен айттым, бұл қызыңыздың сізге сыйлаған сыйы деп. Недеген қарапайымдылық десеңші, Аишанікі. «Жоқ, бұл Айбек жасаған сыйлық, нақты өзінің инициативасы» деп шетте тұр да. Мен біртүрлі сезімде болдым шынымды айтсам… Басқа адам болса, -Иә, анашым, бұл менің саған жасаған сыйлығым» деп кеудесін қағар еді. Аллаһыма мың рахмет маған осындай жар сыйлағанына! Жұмада жасаған игі ісіміз!», - деп жазды ол.

Сонымен қатар ол Аишаның қарапайымдылығына сүйсініп, жақсы мінезіне атап өтті.

«Жұбайымнан әлі де қарапайымдылыққа үйренуім керек екен деген шешімге келдім», - деді ол.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от B E R K U T (@berkut_aibekjan)