Абай облысындағы өртті сөндіру үшін 109 техника мен 2 әуе кемесі жұмылдырылды
Абай облысындағы өртті сөндіру үшін 109 техника мен 2 әуе кемесі жұмылдырылды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушы Ибрагим Күлшімбаев айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Айта кетейік, өртті сөндіру үшін 10 тікұшақтың 8-і су ағызу құрылғысымен қамтылған.
-->
Абай облысындағы өртті сөндіру үшін 109 техника мен 2 әуе кемесі жұмылдырылды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушы Ибрагим Күлшімбаев айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Қазіргі уақытта республикалық және облыстық деңгейде жедел штабтар жұмыс істейді. Өрт орнында ТЖМ-ның атынан жетекшілік ететін вице-министр бар. Бастапқы кезеңде өртті жою үшін орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың өкілдерінен, 434 адамнан, 109 бірлік техника, 2 әуе кемесі, 10 тікұшақ және 1 өрт сөндіру пойызынан тұратын азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің күштері мен құралдары топтамасы құрылды. Экология министрлігіне өрт сөндіру жетекшісі ретінде көмектесу үшін Төтенше жағдайлар және Қорғаныс министрліктерінің күштері мен құралдары қосымша жіберілді,- деді ол.
Айта кетейік, өртті сөндіру үшін 10 тікұшақтың 8-і су ағызу құрылғысымен қамтылған.