10 мамырға дейін қазақстандықтар Интернетке кіре алмайтыны рас па
WhatsApp-та 26 сәуірден 10 мамырға дейін қазақстандықтар Интернетке кіре алмайтыны туралы хабарлама тарады. Бұл шындыққа жанаспайды, деп хабарлады Elorda.info.
Желіні ажырату туралы хабар Павлодар облысында шығып, кеңінен тарады. Өңірдің Цифрландыру басқармасы бұл ақпаратты жоққа шығарды.
Демек, Қазақстанда 26 сәуірден 10 мамырға дейін Интернетке кіруді өшіру жоспарда жоқ.
-->WhatsApp-та 26 сәуірден 10 мамырға дейін қазақстандықтар Интернетке кіре алмайтыны туралы хабарлама тарады. Бұл шындыққа жанаспайды, деп хабарлады Elorda.info.
Желіні ажырату туралы хабар Павлодар облысында шығып, кеңінен тарады. Өңірдің Цифрландыру басқармасы бұл ақпаратты жоққа шығарды.
Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. 2023 жылғы 24 сәуірдегі жағдай бойынша барлық байланыс операторларының ақпараттық-телекоммуникациялық инфрақұрылымы штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Сіздерді сенімді дереккөздерден алынған ақпаратқа сенуге және фейк ақпараттар таратпауға шақырамыз, – делінген хабарламада.
Демек, Қазақстанда 26 сәуірден 10 мамырға дейін Интернетке кіруді өшіру жоспарда жоқ.