Әртүрлі

Құтқару бөлімшелеріне ауа райына байланысты 3 500-ден астам қоңырау түсті – министрлік

Ауа райының қолайсыздығына байланысты өткен және осы уақыт бойынша 112 желісіне 3500-ден астам қоңырау түсті, деп хабарлады Elorda.info Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері қала маңында авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізді. Қар құрсауынан 2 автокөлікті эвакуациялап, адамдарды қалаға жеткізді.

-->

Қазіргі уақытта күннің бұзылуына байланысты көлік құралдарының барлық түрлері үшін автожолдарда төрт бағыт бойынша қозғалыс жабық. Олар: Астана-Қорғалжын, Астана-Ерейментау-Шідерті, Астана-Анар станциясы, Астана-Щучинск, - деп жазылған хабарламада.