ҰҚК қырғыз-қазақ шекарасындағы кептеліс туралы түсініктеме берді
Ұлттық Қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі қырғыз-қазақ шекарасындағы кептеліске қатысы түсініктеме берді, деп хабарлады Elorda.info.
Жеміс көкөніс өнімдерін және жалпы Қазақстан арқылы жүктерді транзиттік өткізуімен байланысты маусымда кіретін жүк ағымының артуы негізгі себеп болып табылады, - делінген ҚР ҰҚК баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
«Қарасу» өткізу пунктінің кіруге өткізім мүмкіндігі тәулігіне 300 көлік құралдарын құрайды. 19 қараша күні 283 автомашина өткізілген.
Қалыптасқан жағдайдың есебінен, Қырғыз Республикасының МҰҚК Шекара қызметімен тығыз өзара әрекеттестік ұйымдастырылды.