Әртүрлі

Қайнар Олжай: Түк оқымаған адам жаза алмайды

28 маусым – бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің төл мерекесі. Олар халықтың мұң-мұқтажы, руханияты мен мәдениетінен үздіксіз хабар таратып, билік пен халық ортасында жүреді.  Бұл күні  –«Жегені – жантақ, арқалағаны – алтын» мамандық иелерінің атқарған еңбектерінің жемісін көретін, және ерекше сый-құрметке бөленетін күні. Мейрам қарсаңында белгілі публицист әрі журналист Қайнар Олжаймен әңгімелесіп, оқырманды толғандырып жүрген сауалдарға жауап алған едік. 

Қайнар Олжайдың айтуынша, 2000 жылдары әлеуметтік желі болмаған уақытта журналистерді көпке танымал еткен 2-ақ нәрсе болды. Біріншісі – ой, екіншісі – сол ойды көрерменге, тыңдарманға дұрыс әрі мәнерлеп жеткізу. 

Публицист қазіргі кезде журналистика факультетінде білім алып жатқан студенттерге арналған  пайдалы кеңестерін айтты.

Жас журналистер күнделікті кітап оқуды дағдыға айналдыру қажет. 

Қаламгер журналистерге бос уақытында Ахмет Байтұрсынұлының «Әдебиет танытқыш», Зейнолла Қабдоловтың «Әдебиет теориясы», Ісмет Кеңесбаевтың «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі», Темірғали Нұртазиннің «Сөз құдіреті» және Мұхтар Мағауиннің «Мен» екінші кітабын оқуға кеңес берді. 

Қалам мен қағазды серік еткендердің жүгі ауыр екені рас. Бұқаралық ақпарат құралдарының сөздері өтімді, ойлары ұшқыр болуын тілейміз. Күнделікті қоғамның әр саласында қалам тербеп жүрген әмбебап әріптестерімізге шабыт пен шығармашылық табыстар тілейміз. 

-->

Кезінде бағдарламаларда әртүрлі тақырып бойынша ой  айтылды. Сол айтылған дүниелерді көрермен тыңдады. Мәселен, қазіргі кезде беталды сөйлеген блогерлерді ешкім мойындамайды. Олардың ішінде тек тұшымды ой айтқандарға ғана құлақ асады. Сондықтан тілшілер  мен блогерлер халыққа тың әрі қажетті нәрсені айту керек. Радио, теледидар бұл тасымалдау құралы. Ал сіздің ойыңыз тек тасымалданады, - деді Қайнар Олжай.

Публицист қазіргі кезде журналистика факультетінде білім алып жатқан студенттерге арналған  пайдалы кеңестерін айтты.

Университет білімі –  адамға жеткілікті білім емес. Сондықтан студенттер білім алып жүріп қосымша оқу керек. Ал сол оқу кезінде әсіресе ойын-сауыққа уақыт жоғалтуға болмайды. Өйткені қызық  сізге бір күндік болса, оқу мәңгілік жолдас болады. Соны естен шығармаған жөн. Журналист әдебиет, тарих, экономика және т.б. салалар бойынша хабардар болуы қажет, - деді публицист.

Жас журналистер күнделікті кітап оқуды дағдыға айналдыру қажет. 

Мен күн сайын таңертең әуелі газеттерді оқимын. Бұл елдегі жаңалықтарды біліп отыру үшін керек. Нәтижесінде адам ел қатарынан қалып қоймайды. Кейін кітаптарды оқуды бастаймын. Жақында жапон жазушысы Харуки Муракамидің «Норвег орманын» бір тәулікте оқып бітірдім. Жас журналистер бір кітапты бірнеше күнде оқып шығуға дағдылану керек. Ал түк ойымайтын адам ешқашан өспейді. Рухани өшудің бірден-бір жолы – оқудан бас тарту. Сондықтан жазбас бұрын әуелі оқу қажет. Себебі ештеңе оқымаған адам жаза да алмайды, - деді Қайнар Олжай. 