Үндістанға ұшатын әуе рейстер саны көбейеді
20 сәуірден бастап Air Astana әуекомпаниясы Алматы-Мумбай бағыты бойынша Үндістанға жаңа рейстер ашады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Көлік министрлігінің мәліметінше, рейстерді аптасына үш рет Airbus ұшақтары орындайды. Осылайша, елдер арасындағы жолаушылар рейсі 3 әуе компаниясының 4 әуе бағыты бойынша аптасына 21-ге дейін артады.
Қазіргі уақытта Алматы-Дели (Air Astana және IndiGo әуе компаниялары аптасына 7 рейс орындайды), Алматы-Гоа (SCAT – 2 рейс) және Астана-Гоа (Fly Arystan – 2 рейс) бағыттарында тұрақты әуе қатынасы жүзеге асырылады.